- Кітапхананы пайдалану ережесі

Кітапхананың жұмыс кестесі

Сейсенбі- сенбі
10:00-18:00

Демалыс күні -дүйсенбі
Айдың соңғы бейсенбісі–тазалық күні
 
 
 
Қалай кітапхана оқырманы боласың?
Өте оңай:
-алғашқы рет ата-анаңның бірімен кел; кепілдік қағазын толтыр;
–кітапхананы пайдалану ережесімен таныс;
–ережені орындауға жазбаша түрде келісім бер.
Кітапхананы пайдалану ережесі.
Сен кітапхана оқырманы болдың. Құттықтаймыз!
Маңайыңда газет пен журналдар, кітап сөрелерінде жазылған сөздер көп.
Оны саған кім түсіндіреді?
Кітапханашы !
Ол саған қандай кітап оқу керектігін, оны таңдауды және сөрелерден
қалай табу керектігін үйретеді.
Балалар кітапханасында екі бөлім бар: абонемент және оқу залы
АБОНЕМЕНТ ЗАЛЫ –
кітапты үйге беретін жер.
Бірнеше күнге кітап-сенікі. Кітап бетіндегі суреттерді көруге, оқуға,
қайталап оқуға, керекті жерін дәптерге жазып алуыңа болады.
10 күн өткен соң кітапханаға тапсырасың –
ол басқа да балалар алып оқуы үшін керек.
Егер оқып бітірмесең?
Кітапханаға кел де, ұзартуға өтініш жаса немесе мына телефонға
қоңырау шал 4-40-01
Демалысқа кетер болсаң, кітапханаға тапсыруды ұмытпаІ
Кітапханадан алған кітаптарға өте ұқыпты бол.
Оларды басқа да балалар оқиды емес пе?
ОҚУ ЗАЛЫ
Бұл залға келген оқырманды тіркейміз, бірақ кітап үйге берілмейді.
Бұл жерде:
баяндама жасауға, керек тақырыбыңа реферат жазуға;
кез келген мақаланың, тараудың, кітаптың көшірмесін жасауыңа;
жаңа мерзімді басылымдарды оқуға болады.
Сонымен қатар, пайдаланушыларға мүмкіндіктер бар:
мәтінді, суретті сканерден өткізу; компьютермен өзіндік
жұмыс жасау; ғаламтордан ақпарат іздеу.
Кітап неден қорқады?
Жаңбырдан және қардан. Кітаптың сулануына жол берме.
Кітапханадан алғанда – сөмкеңе немесесу өтпейтін қалтаға сал.
Кір қолдан –
олар бетіне дақ түсіреді және кір-қожалақ қылады.
Ас үстінде оқыма.
Кітап бетін жыртқаннан қорқады.
Сондықтан оны лақтырма, бүктеме, парағын жыртпа.
Жыртылған кітапқа көмек көрсет: желімде, жөнде.
Егер кітап жыртылса, немесе жоғалса,
орнына сондай кітап немесе 10- еселік құнын төлеу керек.
Кітапханаға келгенде, амандас! Қатты сөйлеме, қатты күлме-
сен басқа оқырманға кедергі жасайсың.
Сен сыпайы, ұқыпты оқырман болатыныңа
және кітаппен дос болатыныңа сенеміз.
2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..