Жеміс –жидек, тағам туралы

 

Қар емес —

Қатты.

Мұз емес —

Тәтті.

(Кант)

 

Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріндер шөлдеп жатыр.

(Аскцбак)

 

Жаздай інге тығылып,

Жаткдн қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді өжем бір күні.

( Сәбіз)

 

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл деу жатыр.

(Қызылша)

 

Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін.

Кабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін.

(Капуста)

 

Бойы бір қарыс,

Сақалы екі қарыс.

(Жүгері)

 

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар

 (Бидай)

 

Өзі ақ, өзі тас,

Дәмін татсаң ащы-ақ.

(Түз)

 

Доп-домалақ бұжыр тас,

Іші толған піскен ас.

(Жаңғақ)

 

Ақтығы — қардай,

Дәмі — балдай.

(Шекер)

 

Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

(Жеміс)

 

Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

 Түймелеуге жетпейді.

(Қырыққабат)

 

Бақшамызда жалғыз аяқты,

Сарыбас өсіп тұр,

Күн қай жакқа бұрылса,

 Сарыбас сол жақка бұрылаады.

(Күнбағыс)

 

Сылдыр сұйық — су емес,

 Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да — қар емес,

Шешуін кім табады.

(Сүт)

 

Бар екен жер астында түйме басты,

Мәнісін адам тауып айта алмасты.

Өзінің кемеліне әбден келіп,

Басына бөріктей қып тығар шашты.

(Жуа)

 

Арғы тегі сүт, өзі тастан қатты,

Дәмі бірақ қышқылтым да тәтті.

( Құрт)

 

Бақтарда балбырап,

Тұрады албырап,

Уылжыған уыздай

Алма емес, ол бірақ.

(Шабдалы)

 

Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты,

Адамзат жеуге құмар өзі тәтті.

Тоқсан күнде толықсып күні бітіп,

Есепсіз ақты-қара бала тапты.

(Қауын -қарбыз)

 

Төп-төттімін.

Бетінді талай сатпак қылдым.

(Тәттінің тәттісі)

 

Алыстан көрсем ақ тас

Жақыннан көрсем - дәмді ас.

(Күріш)

 

Үй ішінен табасың,

Тамаққа да саласың.

(Бұрыш)

 

Әрі қызыл, өрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

(Қарбыз)

 

Көк лағым көгенде жатып семірді.

 (Қарбыз)

 

Болған соң түсі қызыл, әрі шұбар,

Адамзат жеп көруге оны құмар.

Тегінде өне-бойы болып тұрмас,

 Біраз ғана боп тұрар уақгысы бар.

(Бүлдірген)

 

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(Пияз)


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..