клуб «Рауан»

2002 жылы патриоттық сезімге баулитын «Рауан» әдеби бірлестігі құрылды.

Әдеби – патриоттық бірлестіктің негізгі қызметі:
- Жас оқырмандарға арналған рухани – танымдық, ұлттық санасын оятатын қазақстандық патриотизм тақырыптарына ерекше назар аудару.
- Бірлестіктің көпшілік – мәдени жұмыстары кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісінің қарамағында, жауапкершілігінде. «Рауан» клубы мәдени жұмыстарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Мәдениет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тіл» Заңына сүйене отыра, кітапхана ережесі мен кітапхана жүйесінің жоспары арқылы ұйымдастырылады.« Рауан» патриоттық клубының мақсаты:
- Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру;
- Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін ұялату, рухын дамыту;
- Ана тілін, дінін, туған тарихын, мәдениетін, өнерін, кәсібін меңгертіп, салт – дәстүрін, рухани – мәдени мұраларын қастерлеу;
- Елін, жерін, тілін әдет –ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру;
- Патриоттық сезімге баулу, оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу;
- Жас ұрпақтың жанашырлық, сенімділік, шыдамдылық, жинақылық, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру;
- Сұлулық, тазалықты сүйетін, денсаулығы мықты, ұлт алдында тұрған ерекше істерді шешуге, қабілетті, іскер , жауапкершілігі жоғары, өз бетінше ойлана алатын, текті, алғыр, тәкаппар жеке тұлға тәрбиелеу.Ұраны:« Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»«Рауан» патриоттық клубының міндеттері :- Жергілікті қаламгерлердің шығармаларын оқырмандарға ақпараттау;
- Баспадан жарық көрген ұлттық – тарихи әдебиеттерді жинақтап, сақтау.
- Оқырмандар конференциясын, әдеби кештерді жандандырып, кітап ақпараттардың жаңа түрлерін ойластырып игеру.
- Негізгі міндеттерге қосымша: « Рауан» мүшелері кітапхана жүйесінде өткізілетін мәдени – рухани шараларға қатысып, өздері де
жоспарланған көпшілік жұмыстарды ұйымдастырады.
- Жас оқырмандарға арналған рухани – танымдық, ұлттық сананы оятатын, қазақстандық патриотизм тақырыптарына ерекше назар аудару.
- Ұйымның қызметін көпшілік ақпарат құралдарымен тығыз байланыста ұштастыру
- Мемлекеттік тілді дамытып өркендетуге көңіл қою.

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..