Кітаптар хит-парады (16 жасқа дейінгі оқырманға)

 

ПАБЛО ПИКАССО / ағылшын тілінен ауд.: Ә. Әкімниязова. – Алматы: «Аруна», – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Әлемнің ұлы тұлғалары» топтамасымен дүниежүзіне әйгілі адамдардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар арқылы халқымыздың аяулы тұлғалары жайлы жан-жақты мәлімет алып қана қоймай, әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдардың өміріне қатысты да қызықты деректермен таныса аласыздар.

 


МИКЕЛАНДЖЕЛО / ағылшын тілінен ауд.: Б. Тоқтамысова. – Алматы: «Аруна», – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Әлемнің ұлы тұлғалары» топтамасымен дүниежүзіне әйгілі адамдардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар арқылы халқымыздың аяулы тұлғалары жайлы жан-жақты мәлімет алып қана қоймай, әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдардың өміріне қатысты да қызықты деректермен таныса аласыздар.

 


КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК ХАНДАР / Құраст.: С.Қ. Өтеуғалиева. – Алматы: «Аруна», – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Әлемнің ұлы тұлғалары» топтамасымен дүниежүзіне әйгілі адамдардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар арқылы халқымыздың аяулы тұлғалары жайлы жан-жақты мәлімет алып қана қоймай, әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдардың өміріне қатысты да қызықты деректермен таныса аласыздар.

 


КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМОВ / Құраст.: К.Е. Әбікенова.  – Алматы: «Аруна», – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Даңқты адамдар» топтамасы арқылы дүние жүзіне әйгілі тұлғалардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдар туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың өміріне қатысты қызықты деректермен таныстырады.

 


БАТУ ХАН / Құраст.: Н.Т. Әбдімомынов.  – Алматы: «Аруна», – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Даңқты адамдар» топтамасы арқылы дүние жүзіне әйгілі тұлғалардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдар туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың өміріне қатысты қызықты деректермен таныстырады.

 


АБЫЛАЙ ХАН / Құраст.: К.Е. Әбікенова.  – Алматы: «Аруна», – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Даңқты адамдар» топтамасы арқылы дүние жүзіне әйгілі тұлғалардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдар туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың өміріне қатысты қызықты деректермен таныстырады.

 


АРИСТОТЕЛЬ / ағылшын тілінен ауд.: Б. Қойтай. – Алматы: «Аруна». – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Даңқты адамдар» топтамасы арқылы дүние жүзіне әйгілі тұлғалардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдар туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың өміріне қатысты қызықты деректермен таныстырады.

 


 АЛЬБЕРТ ЭЙНШТЕЙН / ағылшын тілінен ауд.: Б. Қойтай. – Алматы: «Аруна», – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Даңқты адамдар» топтамасы арқылы дүние жүзіне әйгілі тұлғалардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдар туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың өміріне қатысты қызықты деректермен таныстырады.

 


АБАЙ / Құраст.: Бисенбаев П.Қ. – Алматы: «Аруна»,  – 2017. – 24 б.

«Аруна» баспасы «Даңқты адамдар» топтамасы арқылы дүние жүзіне әйгілі тұлғалардың өмірінен сыр шертетін кітаптарды ұсынып отыр. Бұл туындылар әлем тарихында айрықша із қалдырған танымал адамдар туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың өміріне қатысты қызықты деректермен таныстырады.

 


АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ. Балаларға арналған анықтамалық / Құраст.: Е. ТІлешов; С. Жұмағұлов; Қ. Кемеңгер; Е. Алшынбай.       – Алматы: ЖК «InterBesCompany», – 2017. – 152 б.

Балаларға арналған бұл жинаққа Алаш қозғалысының басталуы, барысы, ұлттық маңызы, қайраткерлері туралы мақалалар енгізілген. Қазақтың азаматтық және рухани тарихындағы ең үлкен ұлт-азаттық қозғалыстың жалпы мазмұны, оның негізгі тұлғалары туралы мағлұматтар еркін, танымдық стильде ұсынылып отыр.

Жинақ мектеп оқушылары мен жастарға, мұғалімдерге, сондай-ақ Алаш қозғалысы туралы білгісі келетін көпшілік қауымға арналған.

 


АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ / Құраст.: Е.Е. Тілешов; С.Б. Жұмағұлов. – Алматы: ЖК «InterBesCompany», – 2017. – 88 б.

Кітапта 1917 жылы Бірінші жалпықазақ, Екінші жалпықазақ съездерінде жарияланған «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметіне арналған отаншылдық рухтағы өлеңдер топтастырылған. Ұлт азаттығы мен саяси теңдігін, жер тұтастығы және рухани кемелділігін арқау еткен шығармалар елдік және мемлекетшілдік қасиеттерге қуатты күш дамытудағы жасампаздық қасиетімен құнды.

Еңбек Алаш қайраткерлерін қастерлейтін оқырмандарға арналған.

 


Бияров, Б. Алтай. Алтын бесік. Кітап-альбом / Б. Бияров. – Алматы: «Аспантау», – 2017. – 560 б.

Бұл кітапқа ғалым Бердібек Бияровтың кең-бейтақ қазақ өлкесінің қасиетті Алтай, Семей өңірлерінің аңыз бен жырға, тылсым сырларға толы киелі орындары мен қасиетті жерлері жайлы танымдық мақалалары еніп отыр.

Алтай өңірінің түркі жұрты өркениетінің қалыптасуындағы орны айрықша. Оны сол аймақта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары да нақтылай түседі. Автор осы аймақтағы қасиетті де киелі орындар жайлы нақты тарихи мұрағаттық деректерге сүйене отырып тың дүние жасаған.

 


Көшімова, Б.Ә. Үстірттегі көненің іздері. Кітап-альбом / Б. Көшімова. – Алматы: «Аспантау», – 2017. – 536 б.

Қазақ жерінің батысында орналасқан ежелгі Маңғыстау өңірінің қойнауы тұнған тарих десе де болғандай. Бұл өлкеден есімдері халық жадында сақталған би-шешендер, қол бастаған батырлар, от ауызды орақ тілді ақын-жыраулар шыққан. Еңбектен осынау киелі де де шежірелі өңірдің көне тарихы, сол өлкеден шыққан Бекет ата бастаған әулиелер жайлы, осы маңда орын тепкен көне ескерткіштер туралы ғалым-зерттеуші Бибатпа Көшімованың құнды да қызғалдақты ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған.

 


Тасполатов, Б. Басында Қазығұрттың кеме қалған. Кітап-альбом / Б. Тасполатов. - Алматы: «Аспантау», – 2017. – 304 б.

Ғалым-зерттеуші Бақыт Тасполатовтың бұл кітабына Оңтүстік Қазақстанның киелі де қасиетті орындары жайлы зерттеу мақалалары еніп отыр. Автор көне Қазығұрт баурайындағы ежелгі жер-су атаулары, халық сан ғасырлардан бері кие тұтып келе жатқан әулиелер, тарихи тұлғалар жайлы нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды. Бұл еңбек өскелең жас ұрпақтың туған ел мен жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін оятады деген сенімдеміз.

 


Құламанова, З. Тастағы тараз тарихы. Кітап-альбом / З. Құламанова. – Алматы: «Аспантау», – 2017. – 480 б.

Бұл кітапқа екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құлманованың зерттеу мақалалары еніп отыр.Әсіресе түркі жұрты тарихында айрықша орны бар Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун т.б. көне ескерткіштер жайлы мәліметтер мен мағлұматтардың құндылығы өте жоғары.

 


 

Ілиясова, Р. Шежірелі Ақтөбе. Кітап-альбом / Р. Ілиясова. – Алматы: «Аспантау», – 2017. – 752 б.

Бұл жинақта Ақтөбенің өңіріндегі қасиетті мекендер, осы аймақтағы тарихқа қатысты айшықты әңгімелер, ел есіндегі арыстар жайындағы көптеген құнды дүниелер сөз болған.

Сонымен бірге еңбектің өткенімізді танып-білудегі, туған жердің рухани қадір-қасиетін бағалай білудегі маңызы ерекше екендігін айта кеткен орынды.

 


 Ахметбек, Б. Сыр ескерткіштері. Кітап-альбом / Б. Ахметбек.  -Алматы: «Аспантау», – 2017. – 304 б.

Бұл кітапта Бақытжан Ахметбектің ежелгі Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары, осы өлкеден шыққан топ бастаған от ауызды, орақ тілді айтулы би-шешендер, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған. Әсіресе, түркі әлеміндегі ірі тұлға болып табылатын Қорқыт Ата жайлы зерттеулері тың әрі қызықты.

Бұл еңбек қалың оқырман қауым үшін осы өңірдің өткені, тарихы жайлы құнды дүние болып табылады.

 


Шоқай, Е; Пәрменқұл, С. Отырар алқабындағы қасиетті орындар. Кітап-альбом / Е. Шоқай; С. Перменқұл. – Алматы: «Аспантау». – 2017. – 560 б.

 Бұл жинаққа Отырар алқабындағы қазақ тарихы үшін айырықша орны бар қасиетті орындар мен киелі жерлер, атақты тарихшылар мен ғұлама ғалымдар жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр. Қазақ елінің орта ғасырлар кезеңіндегі мәдениетіне, шаруашылығына, рухани өміріне байланысты ежелгі қалалардың орнындағы қазба жұмыстары халқымыздың өткенін танып-білуге көп пайдасын тигізуде.

 


А. Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы / О. Жұбаева. – Астана: «Алашорда». – 2017. – 752 б.

Кітапқа Ахмет Байтұрсынұлының әр жылдары түзетіліп, өңделіп, толықтырылып отырған «Тіл құрал» атты танытқыш кітаптары, «Әдебиет танытқыш», қазақ тіліне қатысты жарық көрген мақалалары, мұрағаттан табылған құжаттар, пікірлер т.с.с. енгізіліп отыр. Еңбекте қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасы түпнұсқамен салыстырыла отырып, өзгерістері бары сараланып, жинақталып беріліп отыр. Кітап тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға, философия факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.

 


Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия / Бас. Ред.: Ж. Тойбаева. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», – 2017. – 744 б.

Энциклопедия аса көрнекті ұлт қайраткері, Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлына арналған.энциклопедияға ғалымның өмірбаян деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми және әдеби, публицистикалық мұралары жөніндегі мақалалар енгізілді. Сонымен бірге ол туралы жазылған еңбектер мен олардың авторлары туралы мәліметтер беріледі.

Тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл тұлғалық энциклопедия ұлт тарихындағы аса көрнекті қайраткер-қаламгердің өмірін, қызметін шығармашылығын білгісі келетін барша оқырман қауымға арналады.

 


Мұратаза, Ш. Таңдамалы. Әңгімелер, хикаяттары, мақалалары, роман, пьесалары / Ш. Мұртаза. – Алматы: «Айғаным», – 2017. – 1116 б.

Қазақ әдебиетіне Сәбит, Ғабит, Ғабиден бастаған алыптар шоғырының ізін ала келген үркердей топтың көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі көркем сөз шебері, қоғам қайраткерлері Шерхан Мұртазаның бұл жинағына әңгімелері, хикаяттары, драмалық туындылары, бірді-екілі романдары еніп отыр «Әдебиет - ардың ісі» дегендей, бүкіл шығармашылық ғұмырында жазу өнеріне соншалықты жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен қарап көркемдіктің биік шыңын бағындыра білген айтулы қаламгердің туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды десек, артық айтқандық емес.

 


Артықбаев, Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. ІІ том / Ж. Артықбаев. – Алматы: «Мер- PRESS», 2017. – 475 б.

Бұл кітап қазақтың кемеңгер азаматы, дана тұлғасы, мәмілегері және ұлыс биі Қаз дауысты Қазыбектің өмірі тарихына, қайраткерлік қызметіне арналған.

Сонымен бірге кітапта ұлы даладағы мемлекет және билік институттарының бірнеше мыңжылдық тарихына жазбаша және ауызша деректер негізінде терең шолу жасалған.

 


 

Қаз дауысты Қазыбек би. Мақалалар жинағы. І том / Құраст.: М. Хамзин; А. Жанғожин; Ж. Оспанов; А. Сүлейменов. – Алматы: «Мер-PRESS». – 2017. – 475 б.

Бұл жинаққа қазақ халқының атақты биі, көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, қазақ қоғамы өмірінің барлық саласын қамтитын «Жеті жарғы» құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі – Қаз дауысты Қазыбектің өмірі, қызметі туралы отандық, алыс-жақын шетелдік мұрағаттар қорынан алынған жазба деректерге, мағлұматтарға, хаттарға негізделген ғылыми зерттеу мақалалар еніп отыр.

 


Сыдықов, Е; Артықбаев, Ж. Әнет баба: ғұмыры мен заманы / Е. Сыдықов, Ж. Артықбаев. – Астана: «Фолиант»,  – 2017. – 256 б.

Бұл кітап хандық дәуірінде жасаған, қазақтың әрі би, әрі ғұламасы, Орта жүздің ел ағасы болған атақты Әнет баба туралы. Мұндағы деректер мен мағлұматтар өте көне кезеңдерден бастау алып, ХVІІІ ғасырдың басындағы күрделі саяси жағдайларды сипаттаумен аяқталды. Кітапта ҰЛЫ дала тарихында айрықша із қалдырған, шиеленісті дәуірдің қиын да қызықты саяси мәселелерінің басы-қасында көрінетін,  көп жағдайда үлкен жауапкершілік көтерген ірі тұлғалар арқау болды.


Шанин, Ж. Арқалық батыр: Пьесалар мен мақалалар / Құраст.: Р. Нұрғалиев. – Алматы: «Өнер – 21 ғасыр» қоғамдық қоры, – 2017. – 384 б.

 Кітапта қазақ театры мен музыка өнерінің жұлдыздары атанған атақты актерлер Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, әйгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков пен Қанабек Байсейітовтің сахналық ұстазы болған, республикамыздың алғашқы әртісі, тұңғыш режиссері, драматург, театр қайраткері, көзі тірісінде қазақтың Станиславскийі атанған Жұмат Шаниннің шығармашылық ой қиялынан туған комедиялары, драмалары мен трагедиялары, әр кезде жазған мақалалары, сонымен қатар ол жайында өз замандастары мен кейінгі ұрпақ өкілдерінің жазған мақалалары жинақталып, қалың оқушы қауымға ұсынылып отыр

 


Бозоқ аруы: танымдық-көпшілік басылым / Құраст.: Ш.Бейсенова; Ж. Әскербекқызы. – Астана: «Фолиант», 2017. – 208 б.

 «Ұлы Дала Арулары» топтамасымен шығып отырған екінші кітап – «Бозоқ аруы» аталады. Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде археологиялық қазбадан табылған айымдар, сондай-ақ әйел-ана балбал мүсіндер туралы мәліметтер фольклорлық мұрамен сабақтастырыла қаралып, танымдық, ақпараттық баян түрінде ұсынылған. Екінші бөлім 0ұлт тарихынан ерекше орын алып, ел жадында сақталған әулие аналар өмірінен сыр шертеді.

 


Физика. Энциклопедия/ Қазақ тіліне аударған М.Кенжеханова. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2012. – 160 б. – «Балалар энциклопедиясы» сериясы.

«Физика» балалар энциклопедиясында қоршаған әлемнің құрылымы жөніндегі қазіргі заманғы ғылыми білім толық және түсінікті баяндалған. Сонымен қатар физика заңдары, формулалар мен түсініктер және өнертапқыш физиктердің өмірбаяндары келтірілген. Энциклопедияда ғылымның күрделі мәселелері нақты және бейнелі түрде ашылған, көптеген қызықты бақылаулар мен түрлі түсті суреттер берілген.

Кітап орта және жоғарғы сынып оқушыларына, ата-аналарға, мұғалімдерге және осы ғылымға қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.


Биология. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д.Алипбаева. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2013. – 160 б. – «Балалар энциклопедиясы» сериясы.

«Биология» энциклопедиясы Жер планетасының жануарлар мен өсімдіктер әлемінің құрылысын білгісі келетін балаларға арналған. Кітапта оқырман биологтар сүйенетін негізгі түсініктермен, өсімдіктің құрылысы, гүл шоғырларының, тамыр жүйесінің түрлері сияқты өсімдіктер туралы қызықты мәліметтермен таныс болады. Энциклопедияда қыналар, мүктер, балдырлар, сондай-ақ саңырауқұлақтар микроағзалар, омыртқасыздар, сүтқоректілер, құстар туралы мазмұндалған. Адам анатомиясы мен физиологиясы, негізгі аурулар, оларды емдеу жолдары, алғашқы медициналық көмек көрсету, нашақорлық пен оның зардаптары және т.б. туралы жеке бөлімде айтылған.

Кітап орта және жоғары мектеп жасындағы оқушыларға және де табиғат сүюшілер мен биология ғылымына қызығушыларға арналады.


Ғалам. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д.Алипбаева. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2012. – 160 б.. – «Балалар энциклопедиясы» сериясы.

«Ғалам» энциклопедиясында жинақталған материалдар ғылыми негізде құрастырылып, мектеп оқушыларына бейімделген түрде сипатталған. Жан-жақты бағытта жүйеленіп, жинақталған деректер жасөспірімдердің аспан әлемі туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Энциклопедия түрлі түсті, қызықты безендірілген, дизайнерлік орындалу жағынан да қазіргі уақыт талаптарына сәйкес келеді. Кітапта топтастырылған материалдарды мектеп пәндерін оқыту кезінде де пайдалануға болады.

Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға, мұғалімдерге және ғаламдағы жаратылытарға қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.


Табиғат. Энциклопедия /Қазақ тіліне аударған М.Әкімжанов. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2012. – 160 б. – «Балалар энциклопедиясы» сериясы

Бұл кітапта жердің жаратылуынан бастап түрлі табиғат құбылыстарына, ең ірі табиғи апаттарға дейін қызықты, танымды, танымды мәліметтер берілген. Сондай-ақ кітапта адам әрекеті салдарынан табиғатқа төнген қатерлер жайлы, табиғатты сақтап қалу жолдары туралы айтылған. Энциклопедия арқылы әлемдегі ең ірі жаңартаудан әлемдегі ең кіші атолға дейін бізбен бірге қызықты саяхат жасаңыз және біздің ғаламшарымыздың ең әдемі жерлерін тамашалаңыз.

Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға, мұғалімдерге және табиғатқа қызығушылығы бар оқырмандарға арналған. 


Өсімдіктер әлемі. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д. Алипбаева. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2004. – 160 б. – «Балалар энциклопедиясы» сериясы.

Бізді өсімдіктердің сан мыңдаған түрі ағащтар, шөптер, жеміс-жидек пен көкеністер, сондай-ақ тамаша гүлдер қоршап тұр. Күн сайын олардың мыңдаған түрінен ерекше әсер алып, табиғаттың тұнып тұрған қазынасын қажетімізге жаратамыз. Ал олардың жеке қасиеттері мен ерекшелігі туралы көп білмесіміз анық. Бұл кітапты оқи отырып, өсімдіктер дүниесінің таңғажайып сырларына қанығасыздар.

«Өсімдіктер әлемі» энциклопедиясы табиғатқа қызығушылығы бар барлық оқырмандарға арналған.

 

 

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..