Алғашқы көктемгі гүлдермен, тамшылар әуенімен бірге, бізге көктемнің көркем 8 наурыз мерекесі келе жатыр

     №2 кітапхана-филиалы мерекелік құттықтаулармен және жарқын, күншуақты көңіл-күй тілектерімен басталған, «Мама – звучит как поэма, как песня» атты өлеңдер байқауын ұйымдастырды. Көктемгі поэзия мен қуаныштың райында ЖББ №17 мектеп-лицейінің 4-8 сынып оқушыларынан байқауға қатысушылар барлық аналар мен әжелерге алғыс пен ризашылық сөздері бар өлеңдер оқыды. Іс-шара өте жайлы және жылы атмосферада өтті. Байқаудың соңында барлық қатысушылар диплом, алғыс хаттармен марапатталды. 
    №3 кітапхана-филиалында «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты мерекелік калейдоскоп ұйымдастырылды. 
Мерекелік іс шараға кітапхананың тұрақты оқырманы, көп балалы батыр ана Долбайқызы Ділдә қатысып, қыз баланың әдептілігі жайлы кеңестерін айтып, мерекемен құттықтады. Кітапханашы қыз баланың сұлулығы тек сыртқы келбетінде емес, ішкі жандүниесінің тазалығына да байланысты екендігін айтып өтті. Бойжеткен қыздар бір-бірімен сұлу көрінудің сырларымен бөлісіп, қыз баланың тәрбиесі туралы Зейнеп Ахметованың «Қыз бала - ұлт болашағы» атты сұхбатынан бейнежазба тамашалады. Аналарымызға арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Шара соңында мерекеге арналған әдемі кітап көрмесіне шолу жасалып, естелікке сыйлықтар таратылды. 
     Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында Қонырат мөлтек ауданындағы №5 балалар кітапхана-филиалында ЖББ №25 мектебінің 5-9 сынып оқушы қыздарының қатысуымен «Көктем аруы-2019» сайыстық бағдарламасы болып өтті. Бұл сайысқа бес ару қатысып, өзара бақ сынасты. Бағдарлама төрт кезеңнен тұрды: «Мен қазақтың қызымын», «Қыз еркем – өнерімен көркем», «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді», «Өнер». Қатысушы қыздар өз өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейде дайындалып келгендіктерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орын «Өнерлі ару» номинациясы 5 «Б»-сынып оқушысы А.Саятқызына бұйырса, екінші орынды «Көрікті ару» атағын 5 «Б» сынып оқушысы А. Ханатқызы иеленді. Бірінші орынды 6 «А» сынып оқушысы Ж. Аманбаева жеңіп алды. Ал бас жүлде «Көктем аруы -2019» атағын төрт кезеңнің тапсырмасы бойынша сүрінбей өтіп, мың бұрала билеген, биімен көрерменді тәнті еткен ару қызымыз 8 «Б» сынып оқушысы А.Сәкітай қанжығалады. 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..