«Табиғат - асыл қазына» зияткерлік тир

«Табиғат бүкіл тіршілік

атаулының алтын ұясы,

тал бесігі, өсіп-өнер мекені»

 

      №2 кітапхана-филиалында «Табиғат - асыл қазына» зияткерлік тир өтті. «Зияткерлік атқыштар» рөлінде ЖББ №16 «Сұнқар», «Қыран» екі команда қатысып,  табиғат туралы, оның байлығы мен алуан түрлілігі, оны қалай сақтау керектігі туралы білімдерімен сайысты. Шара барысында балалар біздің өлкеміздің табиғат әлемінің көптеген жаңа өмірлерімен танысып қана қоймай, зияткерлік сайыстарға қатысып, табиғат туралы кітаптарға қызығушылық танытып, «Милая сердцу природа» атты кітап көрмесімен танысты. Балалар өздерін нағыз табиғат білгірі ретінде көрсетіп, «Сұнқар» команда жеңімпаз атанды. Іс-шара соңында балалар табиғатты сақтау үшін оны зерттеп, сүю керек деген қорытындыға келді. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..