«Кітаптар көкжиегін ашамыз» кітапханалық десант

      А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері Ақтоғай ауданы, Тораңғалық кентінің орта мектебіне «Кітаптар көкжиегін ашамыз» кітапханалық десант ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлерін қуана қарсы алған балалар уақыттарын қызықты өткізді: олар Қызыл кітап беттеріне қызықты саяхатқа аттанды, оның барысында сирек кездесетін, жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар, Қызыл кітап дегеніміз не екендігі туралы білді, ертегілердің ғажайып әлемімен танысып, әдеби викторина сұрақтарына жауап берді, түрлі конкурстарға қатысты. Балқаш қаласының балалар кітапханасы қорының ерекше басылымдарымен танысты.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..