«Кітап әлеміне саяхат» экскурсия

     Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуендеп, ойын ойнайды. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін мектеп жанындағы жазғы лагерлердің жұмысы жандануда. С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылған «Кітап әлеміне саяхат» экскурсиясына жалпы үлгідегі ЖББ мектеп-интернаты мен №17 мектеп-лицей оқушылары қатысты. Шара барысында балалар кітапхана бөлімдерімен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды оқып қызықтады. Кітапханашы кітап көрмелерімен таныстырды, кітапханашы жұмысы, кітапхана туралы ақпаратпен бөлісті. Балалар уақыттарын пайдалы, қызықты өткізді. 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..