«Планетаны мейірімді қолыңмен аяла» әңгімесі

    Бүгінгі күндері адамзат табиғаттың ешқандай әміршісі де патшасы да емес, керісінше жануралар мен өсімдік әлемін қорғайтын және сақтайтын, Жер планетасының табиғи қорларын бағалауға тиісті тең құқықты ғаламшардың тұрғыны. Осы жайлы №2 кітапхана-филиалында өткізілген «Планетаны мейірімді қолыңмен аяла» атты әңгімесінде сөз қозғалды. Балалар экологиялық мәселелерді шешудің өзіндік нұсқаларын ұсынды, экологиялық акциялар мен сенбіліктерге қалай қатысатындары, көрінген жерде қоқыстар мен заттарды лақтырмауға және т.б. проблемалар айтылды. Іс-шара барысында жас балқаштықтар «Экологиялық серпантин» ойынына қатысып, өздерінің  «Планетаны бір күнде құтқару мүмкін емес» атты көрме-кеңесін ұсынды.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..