«Балалық шаққа саяхат» әдеби ойын

     Қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдық мерейтойына арнап Қоңырат ықшамауданының №5 балалар кітапхана-филиалында «Балалық шаққа саяхат» атты жазушының шығармаларынан әдеби ойын өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқтала келіп, «Менің атым Қожа» кітабының желісі бойынша түсірілген кинофильмнен үзінді көрсетті. Балалар «Менің атым Қожа» повесі бойынша қойылымды тамашалады.  Сонымен қатар кітапханашылар дайындаған «Мынау кімнің сөзі» атты сауалнамаға оқырмандарымыз мүдірместен жауап беріп, өздерінің жазушының шығармаларын қаншалықты оқығандықтарын көрсетті. Бүгінгі әдеби ойынымыз қатысушыларымыздың жазушының шығармаларына деген қызығушылықтарын оятты.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..