«Кітапханамен таныстыру» экскурсия

     2020 жылғы 19 қаңтар күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханаға Абай атындағы №2 лицей оқушылары сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан келген мәртебелі қонағымыз Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиев Жабай Нұрмақұлы ат басын бұрды. Қадірлі қонағымызбен мектеп оқушылары  кітапхана тарихымен және коворкинг орталығымен, кітапхана бөлімдерімен терең танысып, мерейтой иелеріне арналған кең көлемді кітап көрмелеріне назар аударып,қызықты экскурсия жасады.Бүгінгі кездесуде көптеген пайдалы ақпарат берілді.Заманға сай жабдықталған кітапхана қонағымыздың көңілінен шығып, оқырманның жан- жақты дамуына барлық мүмкіндіктер жасалғанын айтып өтті. Жабай Нұрмақұлы кітапханамыздың жұмыстарына оң баға беріп, кітапхана қызметкерлеріне жылы лебізін, алғысын білдірді.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..