«Әбу Насыр әл-Фараби және оның рухани мұрасы» білім пирамидасы.

     Биылғы жылы Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыздың дүниеге келгеніне 1150 жыл толып отыр. Осыған орай, Шығыстың көрнекті тұлғасының бай мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы «Әбу Насыр әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты білім пирамидасын өткізді. Ғалымның туған жері, өскен ортасы туралы таныстырылып, еңбектері жайлы мағлұматтар берілді. Іс-шараға арнайы шақырылған Балқаш қалалық мұражайының аға қызметкері, тарихшы Қожақов Д.А., өз заманының дарынды ойшылы, ағартушысы әл-Фараби еңбектерінің жас ұрпаққа насихатталуына жанашырлық танытушы ардагер-ұстаз Мейрамғазинов Б.Б. бабамыздың тарихтағы орнына тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар әл-Фарабидің нақыл сөздерімен танысып, білім пирамидасын құрастырды. Шара соңында аға буын ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасымен танысып, тарихи тұлғаның еңбектерін оқып – үйрену бүгінгі жас ұрпақтың ізгі міндеті екендігіне тоқталды.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..