«Па, шіркін, бұл ертегілер!» онлайн викторинасы

     А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы бірнеше кезеңнен тұратын «Па, шіркін, бұл ертегілер!» атты онлайн викторинасын ұйымдастырды. Викторина тапсырмаларына қазақ және орыс тілдеріндегі ең танымал ертегілер кірді, балалар суреттер, шығармалардың үзінділер бойынша ертегілер кейіпкерлерінің атын тауып, сонымен бірге музыкалық викторинаға қатысты. Онлайн викторинаның қорытындысы бойынша екі жеңімпаз анықталды. Қазақ ертегілерінің білгірі - @kusainova.zhadyra болса, ал орыс ертегілерінің білгірі - @lubosza болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..