«Ертегі оқып берейін» қашықтықтағы жобасы
Ертегі үлкенді де, кішіні де өзіне тартатын ғажайып әлем. Ол баланың ой-өрісін дамытып, жан дүниесін кеңейтеді. Қалай ойлайсыздар, ал біз ертегілерді жақсы білеміз бе? Оны тексеру үшін, біз сіздермен А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Ертегі оқып берейін» қашықтықтағы жоба аясында сүйікті ертегілер беттеріне саяхатқа аттанамыз. Жобада қызықты және сүйікті ертегілерді тыңдауға болады, сонымен қатар суретін салып, селфи жасап мына cgdbb@mail.ru, поштасына жіберуге болады. Ал ең көріктілерін әлеуметтік желісіне саламыз.