«Қаланы күлкіңмен нұрландыр» атты онлайн-фотобайқауы

     А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы 27-ші тамыздан 15 - қыркүйек аралығында "Қаланы күлкіңмен нұрландыр" атты онлайн-фотобайқауын ұйымдастырды.
     Мақсаты: жас ұрпақтың бойына туған еліне, сүйікті қаласына деген патриоттық сезімді ояту, сүйікті қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру, көрнекті жерлері мен тарихи жәдігерлерін насихаттау.
Байқаудың шарттары:
1) Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 3 жастан 16 жасқа дейін.
2) Фотосуреттер Балқаш қаласында түсірілген болуы керек.
3) Фотосуреттер тақырыпқа сай болуы (күліп түскен фото) керек.
4) Фотосуреттер редакторлық бағдарламалармен өңделмеген болуы керек.
Әлеуметтік желілер беттерінде ең көп лайк жинаған фотосуреттердің авторлары жеңімпаз атанып, сыйлықтармен марапатталды.
Гран-При - ЖББ 15 мектеп- лицейінің 5 «ә» сынып оқушысы Жакібай Ерасыл
I орын – ЖББ 15 мектеп- лицейінің 8 «в» сынып оқушысы Чеякува Наргиз
II орын – ЖББ 8 орта мектебі 5 «б» сынып оқушысы Жахат Диас
ІІ орын – С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Олжабаев Олжас
III орын – «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Берікбол Абылай
III орын – ЖББ 8 орта мектебінің 5 «а» сынып оқушысы Омарова Гульназ.


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..