«Балалар кітапханасына қалай баруға болады?» либмоб-акциясы.

   А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері «Кітапханаға қалай баруға болады?» либмоб - акциясын өткізді. Қатысушылардың басым бөлігі кітапхана шараларына бірнеше рет қатысқандарын айтып, қаланың кез келген жерінен кітапханаға қалай баруға болатынын білсе, кейбір балалар мүлдем кітапханаға жазылмағандарын айтып жатты. Акция барысында жауапты білетін балаларға кішігірім сыйлықтар беріліп, ал керісінше жолды білмейтіндерге кітапхана мекен-жайы, электрондық поштасы, әлеуметтік желілері және телефон нөмірлері көрсетілген визиткалар таратылды.

https://www.instagram.com/p/CFxHt1kn3Zr/?utm_source=ig_web_copy_link


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..