«Отбасы-бақыт мекені» әңгіме диалог
2013 жылы елімізде бекітілген Отбасы күні жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланып келеді. Осыған орай, «Отбасы-бақыт мекені» атты №5 кітапхана-филиалында әңгіме диалог өткізілді. Балалар отбасы құндылықтары, отбасы тәрбиесі туралы әңгімелеп берді. Ал кітапханашы Қасым Аманжоловтың өзінің жарына «Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер» деген бір өлеңін айта келе, ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі, Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі екенін жеткізді. Қатысушылар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, суреттер салды.