«Сиқырлы шырша» ақылдылар додасы

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылық көкжиектерін кеңейту мақсатында А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Сиқырлы шырша» ақылдылар додасы ұйымдастырылды. Төрт кезеңнен тұратын білім додасында Абай атындағы №2 лицейі, Әл-Фараби атындағы ЖББ мектебі және Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары өзара бақ сынасты. Сайыстың қатысушылары логикалық тапсырмалар, суретті ребустар мен жұмбақ шешу сияқты жалпы білім мен логикаға негізделген кезеңдерде өз білімдерін көрсетті. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, барлық қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..