«Құстар-біздің досымыз» экологиялық КВН

2 сәуірде №2 кітапхана-филиалында 8 сынып оқушылар арасында «Құстар-біздің досымыз» экологиялық КВН өткізілді. Бұл іс-шара білім алушылардың экологиялық тәрбиесіне бағытталған.
КВН-ға екі топ қатысты.Топ 5 оқушылардан құралды.  Іс-шара өте қызықты және танымды өтті. Топтар сегіз байқауға қатысты, олардың арасында бір үй тапсырмасы бар. Жарыс барысында топтарға құстар туралы көптеген қызықты сурақ-жауаптар қойылды. Бұл байқауда жанкүйерлермен жеке жұмыс жүргізілді. Жалпы, байқау оқушылардың табиғат мәселелерге деген қызығушылығын көрсетті, бір-біріне деген қуанышты сезімдері, топпен жұмыс істей білуді үйренді. Іс-шараның соңында, топтар марапатталыңды.
 
 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..