«Ертегілер елінде» викторина
Жыл сайын 2 сәуірде Халықаралық балалар кітабы күні Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне сәйкес атап өтіледі. Оның сиқырлы ертегілері бүкіл әлем бойынша балалардың жүрегін жаулап, әдебиетке деген махаббатының кілтіне айналды. Осы мереке аясында біз оқырмандарды әдебиеттің сиқырлы әлеміне бойлауға және өз болашағына шабыт алуға шақырамыз. А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері бұл мерекеде «Балқаш қаласы №10 арнайы мектеп-интернатында» ұйымдастырылған танымдық сағатқа қатысты. Ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған ертегілер туралы мағлұматтар беріп, «Ертегілер елінде» атты викторина өткізді. Викторина барысында оқушылар түрлі ертегі кейіпкерлері мен оқиғалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін тексерді.

Басты бет
Біздің кітапхана
Білім сандықшасы
Вебландия
Білімпаздар Елі



















