«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты балалар сурет байқауы

Наурыз мейрамы қарсаңында №2 кітапхана-филиалында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты балалар сурет байқауы өтті. Байқауға кітапхана пайдаланушылары қатысты. Қатысушылардың барлығы жас болса да, берілген тақырыпқа үлкен жауапкершілікпен қарап, өз жұмыстарының әдемілігін барынша көрсетті. Балалар салған суреттерінде шығармашылық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, әрбір ұсынылған суретте табиғаттың жаңарып, оянғанын, татулықты, бірлікті, ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуді,  Наурыз мейрамының ерекшеліктерін көрсете білді.

https://www.facebook.com/biblioteka.filial2/videos/656719343412538


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..