«Кітап әлемді бағындырады» атты дәстүрлі кітап сыйлау акциясы
Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп- лицейінде өткен «Кітап әлемді бағындырады» атты дәстүрлі кітап сыйлау акциясына А. Гайдар атындағы ОҚБК кітапханашылары қатысып қайтты. Орталық қалалық балалар кітапханасы қаламыздағы барлық мектептермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп келеді. Соның ішінде Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп- лицейі де бар, бұл мектептің оқушылары да кітапханамыздың тұрақты оқырмандары. Бұл оқырманның көпшілігі тек кітап оқып қана қоймай, кітапханамызда өткен іс-шараларға белсене қатысып, бірнеше рет марапаттар мен сыйлықтарға да ие болды. Сонымен қатар, іс шараларды бірлесе өткізуге оқушыларды дайындап, қалалық кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқан №15 мектеп - лицейдің кітапханашысы Г. Т. Башароваға кітапханамыздың атынан алғыс хат табысталды.
Кітап сыйлау акциясына үлесімізді қосып, мектеп кітапханасының қорына алып барған кітаптарымызды сыйладық. Балалармен жүздесу – әрқашан шабыт, ал кітап сыйлау – рухани байланыс орнатудың тамаша жолы.

Басты бет
Біздің кітапхана
Білім сандықшасы
Вебландия
Білімпаздар Елі
















