«Отбасымызбен кітапханаға» атты отбасылық оқу бенефисі

№3 кітапхана-филиалында «Шаңырақ клубы» аясында «Отбасымызбен кітапханаға» атты отбасылық оқу бенефисі өткізілді. Отбасын адамгершілік және рухани тәрбиелеу, оны нығайту процесінде кітап, кітапхана маңызды рөл атқарады. Іс-шараға қатысушылар жақсы отбасылық дәстүрлерді құру және сақтау тәжірибесімен бөлісті, отбасы институтын сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Сонымен бірге Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабы талданды. Бұл шығарма қазақтың салт-дәстүрін, отбасы құндылықтарын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ұлттық тәрбиенің қайнар көзін дәріптейтін кітап. Шара соңында оқырмандар назарына «Отбасылық оқу-озық дәстүр» атты арнайы кітап көрмесі ұсынылды.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..