«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» oi-like форматында танымдық іс-шара

А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Рауан» клубының аясында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты oi-like форматында танымдық іс-шара өтті.

Шара барысында оқушылар ана тіліміздің байлығы мен құдіреті жайлы ой бөлісіп, қызықты тапсырмалар орындады. Олар өзара «Сөз шеберлері», «Ана тілі сақшылары», «Сиқырлы сөз» болып үш топқа бөлініп, қазақ тілінің әсемдігін паш ететін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді жалғастыру, жаңылтпаштарды мәнерлеп айту, викториналық сұрақтарға жауап беру, сөзжұмбақ, анаграмма шешу сияқты кезеңдерден өтті.
Тілдер мерекесіне арналған осындай еркін әрі қызықты бағыттағы кездесу қатысушылардың көңілінен шықты.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..