«Менің жүрегімдегі кейіпкер» сауалнамасы

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Оқуға құштар бала» клубының аясында «Менің жүрегімдегі кейіпкер» сауалнамасы өткізілді. Қатысушылар сауалнаманы жазбаша түрде толтырып, жүректеріне жақын кейіпкерлердің есімін және не үшін таңдағандарын баяндап жазды. Сауалнама нәтижесі бойынша көптеген кейіпкерлер аталып, олардың әрқайсысы балалардың қиялы мен ой әлемінде ерекше орын алатыны анықталды.
Мұндай шаралар жас оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігін нығайтып, әдебиетпен байланысын арттыра түседі.

 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..