«Қылқаламмен кестеленген Абай шығармасы» арт-батл

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Қылқаламмен кестеленген Абай шығармасы» тақырыбында арт-батл ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар бала» клубының мүшелері ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен шабыт алып, өз туындыларын қылқаламмен бейнеледі.
Көркемдік пен ой тереңдігін үйлестірген бұл шара қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, Абай мұрасын жаңа қырынан танытты. 


Вернуться назад

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..