Соғыс туралы кітап оқы
Ахметова, З. Шуақты күндер: естелік, эссе / З.Ахметова. -Алматы: Алматы кітап, 2008. - 264 б.
Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі жылдарындағы өміріне арналған естелік. Ақылы мен адамгершілігі мол, ххалықтың ер жүрек асыл перзентінің бейнесі келіні жазған бұл шығармада жан- жақты ашылады.
Ахтанов, Т. Қаһарлы күндер: роман / Т.Ахтанов. – Алматы: Атамұра, 2003. - 384 б.
Ахтановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған көлемді көркем шығармаларының бірі “Қаһарлы күндер” романы. Ол қазақ прозасындағы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған алғашқы романдардың бірі. Романда Москва түбінде болған шайқас, сол үлкен ұрыс кезіндегі генерал Панферов басқарған дивизияның Отан қорғау жолындағы жанқиярлық ерлігі реалистікпен баяндалған.
Арулар отты жылдарда: әңгімелер / Алматы: Қазақстан, 1975. –272 б.
Кітап "Ерлік салтанаты" тақырыбында Фариза Оңғарсынованың алғы сөзінен басталады. Фариза апамыздың əр сөзі, əр ойы өте анық əрі ерекше жеткізілген. Алғы сөзін оқып-ақ кітапты оқуға құлшынысыңды арттырады. Кітапта Мəдина Ысқақова, Дайрабаева Мүслимə, Қазима, Рахила Ерланқызы, Ағипа Ғалиқызы сынды батыр қазақ қыздардың майдандағы өмірі баяндалады. Кітап қызықты əрі өте əсерлі. Оқып отырып көзге жас алатын кезде аз емес. Біздің міндетіміз осы есімдер мен олардың елі үшін істеген істерді есімізге сақтап, дəріптеу!
Әлімбаев, М. Хат: өлеңдер / М.Әлімбаев. - Алматы: Санат, 2005. - 232 б.
Қазақстанның халық жазушысы М.Әлімбаев Ұлы Отан соғысының қырғынын бастан кешкен майдангер ақын. Назарларыңызға ұсынып отырған жыр жинағы сол сұрапыл жылдардағы сарбаз ерлігін, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншылыгын, азаматтық мінезін көркем тілмен өрнектейді.
Бек, А. Арпалыс: шығармалар жинағы / А.Бек. - Алматы: Өнер, 2010. – 260 б.
Арпалыс - Александр Бектің қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог Ұлы Отан соғысының 1943-1944 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты. Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.
Бұлқышев, Б. Заман біздікі: проза мен поэзия / Б.Бұлқышев. - Алматы: Атамұра, 2003. – 192 б.
«Заман біздікі» - ел – жер жайлы толғаныстарға толы. Перзеттік парыз бен қарыздың, шынайы шындықтарға суарылған сырлы сезімнің қуат – күші жоғары. Азаматтық пен бостандықтың өлшемі, татулық пен туысқандықтың таңбасы айқын. Бейбіт өмірге құштарлық пен балалық шаққа саяхат, жастық пен достық сырлары шындық жайттарды арқау етуімен де мәнді. Ең бастысы, әрине өмір мен өлі өлшемі, соғыс пен бейбітшіліктің бағасы – адам мұраты, арман – аңсары, еңбек тынысы негізінен кең өріс алады.
Бекенов, С. Қазақ тұтқыны: естеліктер / С.Бекенов, - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. - 256 б.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистік Германияға тұтқынға түскен, партизандық соғысқа араласып елге келгеннен кейін сталиндік қуғын-сүргін азабын көрген қазақ жауынгері С. Бекеновтің бастан өткерген жайттары баяндалады.
Бекішев, Х. Батальон алға : естеліктер / Х.Бекішев, - Алматы: Қазақстан , 1985. – 152 б.
Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы подполковник Хәкім Нұрғалиұлы Бекішевтің бұл кітабында өзі басқарған 101-дербес бригаданың 1-атқыштар батальонының майдандағы қаһармандық ерлігі, жорық жолдары туралы қызықты да тартымды әңгімеленеді. Соғыс жылдарында автордың басынан кешкен басқа да оқиғалар оқырманды бей-жай қалдырмайды.
Ғабдуллин, М. Алтын жұлдыз: очерктер / М.Ғабдуллин. - Алматы: Ана тілі, 2005 . – 288 б.
Соғыстың сұрапыл күндерінде автордың бастан кешіп, көзбен көрген отты жылдарында жазылған күнделігі, сондай-ақ өзі жақсы танып білген жандарға жазған хаттары берілген.
Жұмағалиев, Б. Қазақтар Ленинград майданында: жазбалар / Б.Жұмағалиев. – Астана: Елорда, 2005. – 184 б.
Нева жағасындағы ұлы қала от пен оқтың арасында 900 күн болған-ды. Оның қорғаушылары аштықтың да , қатал соғыстың да азабын бастан кешірді, бірақ берілмеді. Ерліктің, қайсарлықтың бұрын соңды болмаған үлгісін көрсетті.Осындай жан алысып, жан беріскен айқасқа қазақтар да қатысты. Солардың қақ ортасында болған, сол кездегі майдан шебіндегі тілші, соғыстан кейін белгілі партия қызметкері болған, запастағы полковник Бисен Жұмағалиевтің жазбаларын алдарыңызға тартамыз.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: Энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Өнер, 2010. – 320 б.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне орай шығып отырған бұл жинаққа қазақстандық Кеңес одағы батырларының ерлікке толы өмірбаяндары енгізілген. Кітап жас ұрпаққа отаншылдық тәрбие беріп, оларды ата дәстүрін қастерлеуге баулуда оқырман көңілінен лайықты орын алары сөзсіз.
Қайсенов, Қ. Жау тылындағы бала: повестер мен әңгімелер / Қ.Қайсенов. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
Жау тылындағы бала — Қасым Қайсеновтың 1961 жылы жазған повесі. Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.
Қайсенов, Қ. Ағалар туралы аңыз: естелік-әңгімелер / Қ.Қайсенов. - Алматы: Балауса, 1992. - 140 б.
Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысып, Украина ,Белоруссия жерлерін неміс-фашист басқыншыларынан азат етуде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батыр партизан Қасым Қайсенов бұл еңбегінде қарулас ұстаз-достары С.А.Ковпак , В.А. Лавренников сияқты азаматтардың, сондай-ақ, елге аман-есен оралған соң еңбек майданында аралас-құралас жүріп,тәлім алған аяулы ағалары – Әліби Жангелдин, Жұматай Шаяхметов, Әбдісәмет Қазақбаев сынды мемлекет қайраткерлерінің, әдебиет алыптары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы сынды тұлғалардың ұмытылмас лебіздері мен өнегелі істері жайлы әңгімелейді.
Қайсенов, Қ. Елімнің ертеңіне сенемін: естеліктер / Қ.Қайсенов. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2004. - 282 б.
Қазақ әдебиетіне Ұлы Отан соғысындағы партизандық қозғалыстың шежіресін алғаш алып келген қаламгер, әйгілі партизан отрядының командирі , Халық қаһарманы – Қасым Қайсеновтың бұл кітабына соғыстан кейінгі жазылған естеліктерімен қатар, бүгінгі халықаралық саяси оқиғаларға дер кезінде үн қосқан ашық, батыл пікірлері, тәуелсіз елінің қорғанысы , рухани өмірі, жастар тәрбиесі жөніндегі ой-толғамдары енді.
Қанахин, Ө. Ауыр күндерде: хикаят / Ө.Қанахин. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2004. - 186 б.
«Ауыр күндерде» хикаяты – белгілі жазушы Өтебай Қанахиннің ең алғаш жарық көрген көркем туындыларының бірі.Кітапта Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қанқұйлы жаумен қаһармандықпен шайқасып, Ұлы Жеңісті жақындата түскен қазақ жігіті Естібай Омаров пен қарулас достарының қилы тағдыры тартымды да шынайы суреттеледі. Бұл кітап кезінде автор тарапынан түбегейлі өңделген, ширек ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін оқырман назарына қайта ұсынылып отыр.
Қамбаров, Қ. Ашыну: роман / Қ.Қамбаров. - Алматы: Жазушы, 1987. - 256 б.
Майдангер жазушының бұл романында Ұлы Отан соғысының алғашқы айларындағы Москва бағытындағы сұрапыл шайқастар, өліммен өмір белдескен кездегі жаппай қаһармандық фашизмге деген ашыну-өшпенділік Отан үшін от кешкендердің ерлігі арқылы бейнеленеді.
Қамбаров, Қ. Жаза: роман / Қ.Қамбаров. – Алматы: Жазушы, 1994. - 400 б.
Майдангер жазушы Қапан Қамбаровтың «Жаза» романы «Жазушы» баспасынан 1987 жылы жарық көрген «Ашыну» романының жалғасы, дилоггияның екінші кітабы болып табылады. Бірінші кітаптың негізгі кейіпкерлері екінші кітаптың өн бойында , Панфилов дивизиясының құрамында Москва үшін шайқасады. Жаза романында генерал Панфиловтың қолбасшылық, адамгершілік тұлға-бейнесі жасалады..Ол басқарған құраманың фашизммен арпалыстағы өшпес ерлігі суреттеледі.
Қошқарбаев, Р. Жеңіс жалауы: естелік / Р.Қошқарбаев. – Алматы: Жалын, 1978. - 168 б.
Бұл кітаптың авторы ІІ дәрежелі Кутузов орденді 150-ші Идрицк-Берлин атқыштар дивизиясының 674-ші полкінің бұрынғы взвод командирі.Ол рейхстагка жеңіс жалауыш алғаш тіккендердің бірі. Автор осы естелігінде ерлікті Коммунистік партияны, Отанын, халқын шын сүйген советтік патриотизм рухында тәрбиеленген адамдар жасайтынын паш етеді. Сонымен бірге Р.Қошқарбаев Ұлы Отан соғысының соңғы кезін-Берлинге жасалған шабуыл көріністерін суреттеу арқылы совет жауынгерлерінің қаһарманедық ерлігін көрсеткен.
Қалдыбай, М. Мен халқымның Бауыржанымын: әңгімелер / М.Қалдыбай. – Алматы: Келешек, 2017. – 456 б.
Белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбайдың бұл жаңа кітабында даңқты қолбасшы, әскери ғылымның білгірі Бауыржан Момышұлының жайшылықтағы мінез-құлқы, тапқырлығы мен шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы, өскен ортасы елдік намысқа нұқсан келер жерде бет-жүзіңе қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген. Жиырма бір жыл қоян –қолтық араласып, тәлімін көрген әрқилы жағдайдағы айтқан әңгімелерін тыңдап , көңіліне түйген автор Баукеңнің ішкі әлемінің жұртқа беймәлім сырын мүмкіндігінше кеңінен аша түскен.
Момышұлы, Б. Адам қайраты: әңгімелер / Б.Момышұлы . – Алматы: Жалын, 1981. – 205 б.
Елім деп еңіреп, Отан үшін отқа түскен батырлардың бірі әрі бірегейі − Бауыржан Момышұлы. Сонымен қатар, Б.Момышұлы Ұлы Отан соғыс тақырыбына қалам тербеген , қазақтың көрнекті жазушыларының бірі. «Адам қайраты» атты бұл жинаққа жазушының «Жол үстінде», «Олар менің есімде», «Ана әмірі», «Грицконың сағаты» т.б бірнеше әңгімелері енгізілді.
Момышұлы, Б. Москва үшін шайқас: шығармалар жинағы / Б.Момышұлы. – Алматы: Өнер, 2008. – 368 б.
Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы қазақ әдебиеті тарихындағы соғыс тақырыбына жазылған тұңғыш шығарма әрі әскери мемуар.Соғыс ауыртпалықтары 1941-1945 жылдардағы өзінің көзімен көрген. Автордың қолымен ұстаған іс-әрекеттері автордың көзқарастарымен шынайы беріледі.Автордың өзінің қолжазбасымен салыстыра отырып, бұл романға бұрындары қысқарып кеткен екі баспа табақ көлемінде жаңа толықтырулар енгізілді.
Момышұлы, Б. Курляндия майданы: повестер мен әңгімелер / Б.Момышұлы. – Алматы: Өнер, 2009. - 248 б.
Жазушының бұл жинағына бұрын жарық көрмеген «Курляндия майданы» повесі, «История одной ночи» әңгімесі мен «Не говори это сделал я» деген пьесасы енгізіліп отыр. Москва түбіндегі сұрапыл соғыстың ауыртпалығы мен қиыншылықтарын шығармаға арқау ете отырып автор өзінің басынан өткізген күрделі оқиғаларын оқырманға шебер баяндайды.
Момышұлы, Б. Шындығын айтқанда: шығармалар жинағы / Б.Момышұлы. – Алматы: Өнер, 2009. – 340 б.
Б.Момышұлының шығармаларына жазылған рецензиялар мен өзінің мақалалары, ой толғаулары, әртүрлі басылымдар мен мұрағатта сақталған қорларын пайдалана отырып жинақталған. Бұл жинақтан оқырман керегін табады деген ойдамыз.
Момышұлы, Б. Соғыс қателікті кешірмейді: шығармалар жинағы / Б.Момышұлы. – Алматы: Өнер, 2009. – 304 б.
Б.Момышұлының әр жылдары жазылған ,КСРО көлемінде жарияланған мақалалары және әртүрлі әдеби-ғылыми еңбектері толықтырылып, екінші рет жарияланып отыр. Әдебиет зерттеушілері үшін маңызы зор.
Момышұлы, Б. Генерал Панфилов: шығармалар жинағы / Б.Момышұлы. – Алматы: Өнер, 2009. – 288 б.
Генерал Панфиловтың мерейтойы қарсаңында Б.Момышұлынан баспалар мен газет журналдар ол туралы естелік әңгімелер жазып беруге өтініш білдірген болатын. Б.Момышұлы бұл ұсынысты қабылдап, Мәскеудегі Ресей мұрағатында айлар бойы іздене отырып, деректерді жинақтап, генералдың өзімен кездескен тұстарын еске ала отырып, осы шығарманы оқырманға ұсынған болатын.
Момышұлы, Б. Екі томдық шығармалар жинағы Т.2 / Б.Момышұлы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 384 б.
Қаһарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер – Бауыржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағының бұл екінші томына әйгілі «Москва үшін шайқас» романы мен бір топ әңгімелері топтастырылды.
Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер. - Алматы: Білім, 2005. – 208 б.
«Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер» деп аталатын бұл кітап Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының азаматтық ,ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Баукеңмен қатар жүрген замандастарының, кеөз көрген ізбасар інілерінің, балаларының жүрек жарды сырлары мен мақалалары шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндалған.
Мәуленов, С. Ақ түн: таңдамалы өлеңдер / С.Мәуленов. – Алматы: Раритет, 2003. – 192 б.
Қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің сырбаз сыршылдық пен сымбатты суреткерлік сиқырына бөленген бұл кітабына таңдамалы өлеңдері енді. Ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстары мен табиғат бояуларын өзек еткен әрі қысқа, әрі нұсқа туындылары өмір-тіршілік философиясын әдемі жеткізеді.
Мүсірепов, Ғ. Қазақ солдаты: роман / Ғ.Мүсірепов. – Алматы: Жазушы, 1967. - 365 б.
«Қазақ солдаты»романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады.
Ремарк.Э.Батыс майданда өзгеріс жоқ: Роман / Э.Ремарк. – Астана:Аударма әдебиеті , -2002.192 б.
Эрих Мария Ремарк –көрнекті неміс жазушысы. Кезінде гитлерлік Германияда оның шығармаларын оқытпай отқа жаққан. Жазушы шетелге қашып кетіп аман қалады. «Батыс майданында өзгеріс жоқ» романы соғыс тақырыбына арналған шығармаларының ішінде ерекше орын алады.