- Кітапхана тарихы
Орталық қалалық кітапхана 1940 жылы құрылды. Алғашқы кітап қоры 800 дана болды. Көл жағалауындағы кішкентай бөлмеден орын алған кітапхананың ең алғаш директоры Зоя Сергеевна Балмышева 30 жылдан астам осы кітапханада қызмет етті.
1954 жылы балалар кітапханасы Бейбітшілік көшесіндегі ғимаратқа көшірілді.
1954 жылы 10 сәуірде көпшілік шараларды тартымды өткізгені үшін қалалық Кеңес депутаттарының мақтау қағазымен марапатталды.
1957 жылы кітапханаға балалар жазушысы А.Гайдар аты берілді.