- 16 жасқа дейінгі оқырманға

Мөлдір бұлақ

Мөлдір бұлақ

Көркем суретті, әдемі безендірілген, көз тартарлық басылым
Мөлдір бұлақ” журналы республикамыздағы балаларға арналған ең іргелі журналдардың бірі. Басылымның мақсаты – Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей дарынды балалардың шығармашылығын таныту, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында айтылған мұғалім беделінің көтерілуіне байланысты бала оқытудағы еңбегін бағалауға арналған іс-шаралар ұйымдастыру, оқырмандарымыздың мемлекеттік тіл мәртебесін биіктетуге байланысты ой-пікірлерін үнемі жариялап отыру.
Бүлдіршіндердің әңгіме, өлеңдері үздіксіз жарияланады. Журналдың тағы бір ерекшелігі, 4-8 сынып оқушыларына арнап тест сұрақтары үзбей беріледі.


Бала би Бала би

Тілін, тарихын, мәдениет, салт-дәстүрін қадірлейтін балаларға арналған журналдың бұл санында алғашқы беті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен басталған болса, әрі қарай парақтай отырып «Қазақтың ұлттық аспаптары (22-23б.) кино өнері «Бұл фильмдердің болашағы әлі алда» (28-29б.), «Бәйтерек» фильміндегі Санжардың ролін сомдаған 6-сынып оқушысы Орынбектің ойымен, «Бейнелеу өнері» айдарынан «Бояулар сиқыры» – атты мақаладан суретшілік өнерінің қыр-сырына сапар шексеңіз, Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрына (40-45б.) «Менің сүйікті мамандығым» айдары арқылы сырттай саяхат шегесіз.


Валеология Валеология

Республикалық әдістемелік педагогикалық журналдың ұсынылып отырған санында: «Дене тәрбиесі болашақ салауатты өмірдің негізі», «Дені саудың – жаны сау», «Денсаулықтың достары», «Гигиена – денсаулықтың кепілі» атты өзекті мәселелер қамтылған. Танымды әңгімелер, сынып сағатының жүргізілу жоспары, түрлі кеңестер, сценарийлер берілген.

 
 


Ақ желкен Ақ желкен Республикалық жастар және балалар журналы

«Балғындар арнасына бір ай» (11-17б. Авт. Д. Советхан) бұл балаларға арналған Қазақстан теледидарындағы «Балапан» айдарымен ашылған арна. Осы көлемді мақала арқылы «Балапаннан» беріліп жүрген бағдарламалардың қыр-сырымен танысып, әрқайсысының жүргізуші, қоюшы, суретші-гримдеуші мамандарымен, түсірілу, қойылу жалпы теледидар арнасынан көрсетілу сәтіне дейінгі көптеген жұмыстармен танысасыздар. Ал «Қазақ эстрадасы» айдарынан жастардың сүйікті әншісіне айналған Айқын Төлепбергенмен журналист Жадыра Аймаханқызының (43-45б.) сұхбатын оқыңыздар. Мұнда Айқынның өмір жолы, өнер жолы, болашақтағы арманы, мақсатымен қанығасыздар.


Бала Би Бала Би

Барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған республикалық “Бала Би” танымдық журналы 2001 жылдың желтоқсан айынан бері шығып келеді. Адам болар бала алысқа қарайды. «Бала би» тілін, тарихын, мәбениетін, салт–дәстүрін қадірлейтін балалар журналы. Ұлттық қазақи қасиетімізді, дәлірек айтсақ тілімізді, салт-сана, дәстүрімізді, дінімізді бір жола жоғалтып алмасақ екен дейміз. Өзімізді, өз халқымызды қор қылып, өзгені зор тұтпайық деп намысты жолдан бермейтін бүлдіршіндердің жүрек жарды жырлары мен халқымыздың қалаулысын, тарихын, көкейдегі сұрақтарға жауаптарды осы журналдан табасыздар. Негізгі мақсаты – қазақ балаларын өз елін сүюге, туған табиғатының жұмбақ элемін түсіне білуіне, яғни ана тілін, мәдениетін, салт-дэстүрін терең меңгеруге, қадірлеуге үйрету. Журналда: «Менің Қазақстаным», «Үлттық тәрбие негіздері», «Адамзат дамуы», «Тағылым», «Жеті жұрттың тілін біл», «Ауыл+қала», «Бэйгі төбе», «Көп білгенің өзіңе жақсы», «Дарынды достарың», «Кел, эн шырқайық!», «Экономика», «Өмір қауіпсіздігі» т.б. тұрақты айдарлармен көптеген мағлұматтар беріледі.


Жыл он екі ай Жыл он екі ай

Жыл он екі ай –оқушылар мен ата-аналарға және тәрбиеші, ұстаздарға арналған әдеби-танымдық күнпарақ, үлкен-кішінің бәріне ортақ журнал. Онда бала жанын баурап, ойына ой қосатын қысқа да нұсқа дүниелер көп. Балалар, бұл журнал сендерді кітапқұмар, ақылды, өнегелі боп өсулеріңе ықпал етеді, кітапханадан алып оқып көріңдер! Бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарға және тәрбиеші ұстаздарға арналған әдеби-танымдық күнпарақ. Ұсынылып отырған санынан көптеген көркем әңгімелермен,ертегілер,жұмбақ-жаңылтпаш,өлеңдермен таныс боласыздар. Күнпарақтың беттерінде «Оянған ұлттық рух» (22-25б.), «Райымбек бастауы»(28-31б.) сынып тәрбие сағаттарының өткізілу жоспары берілген. Ұстаздарға,тәрбиешілерге тәрбие жұмыс барысында көмекші боларлық тақырыптар. Балалар, өздеріңе арналған бұл журналдың әр санынан Қазақстан тарихы, қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, өздеріңнің құқықтарың жайлы жазылған мақалаларды, сонымен қатар бос уақыттарыңды қызықты да, пайдалы өткізу, ой-өрістеріңді кеңейту үшін берілген сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқи аласыңдар.


Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті . Мақсаты – балаларға әңгіме авторы туралы мағлұмат беру, жазушының анаға деген сүйіспеншілігін оқушы сезімімен ұштастыру. Тәрбиелік мәні – баланың анаға деген құрметке тәрбиелеу.Ана – тәрбиеші, қамқоршы, пана, өмірге әкелуші және ана – қыз, қарындас, келін, апа, шеше, ене, жар, балдыз т.б. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған – аналар туралы қанатты сөздер берілген.

 
 


Өзіңді- өзі таны Өзіңді- өзі таны

Қазақ ұлт мектебі – балабақшадан басталып, жоғарғы оқу орындарына дейінгі білім беру сатыларын қамтитын, қазақ халқының тілін, дінін, мәдениетін, рухани болмысын дәріптейтін біртұтас жүйе екенін насихаттайды. Мақалада көптеген инновациялық мектептерде ата-аналармен тығыз байланыста, бірлескен жиналыстар, конференциялар, отбасылық кештер, сайыстар тәрізді пайдалы шаралар қолданып отырғаны айтылады.

 
 


Денсаулық журналы

Денсаулық – қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылым-көпшілік журнал. Журнал қазіргі заманғы медицина проблемаларына, әсіресе, аса көп тараған аурулар мен қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың, ауаның, топырақтың ластануы, биосферада экол. тепе-теңдіктің бұзылуы, Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы (Семей, Батыс Қазақстан, Қызылорда) радиация кесапаты журналдың негізгі тақырыбына айналды. Медицина тарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен беріледі

2018 (с) Балқаш қаласының А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы..