- 10 жасқа дейінгі оқырманға
Хайди:Повесттің бейімделген нұсқасы. – Алматы: Астана-кітап,2021.-32б.
Жастайынан жетім қалған Хайдиді тәтесі Дета Альпі тауларына алып келеді. Себебі бұл жерде оның жалғыз туысы, атасы бар еді. Енді Хайди атасының жанында тұратын болады. Мейірімді әрі жанашыр Хайди ауыл тұрғындарының өмірін жақсы жаққа өзгертеді. Бірақ аяқ асты үлкен қалаға көшкен Хайди атасымен қоштасады. Бөтен қалада ол жаңа құрбы тауып, өмір мектебінен өтеді. Хайди атасы мен Альпі тауларын қайта көре ме? Әлде олар мәңгілекке қош айтысты ма?
Тазша бала: Күнді қайтару: Ертегі. / Мұхтарбекқызы Гүлдана.- Алматы: Астана-кітап, 2021.- 30 б.
Бір күні аспандағы Күн жоғалып, Жер бетін түнек басады. Күн жоғалған соң Жердегі тіршілікке қауіп төнеді. Сол кезде Тазша бала Күнді қайтару үшін шытырман оқиғаға толы сапарға шығады. Тазша кімді кездестіреді? Олар мақсатына жете алды ма? Күнді кім жасырып қойды? Бұл ертегі Тазша бала мен оның достарын оқырманға қайтадан қауыштырады. Мейірімділік, достық пен батылдықтың әлемді құтқара алатынын көрсетеді.
Super – Мен. 4 – кітап. Мансұрдың ерлігі: балаларға арналған әңгімелер./ Тютебаева Сауле, Мұхтарбекқызы Г.- Алматы: Астана-кітап, 2021.- 48 б.
Мансұр ең жауапты кезеңге жақындады. Кәсіби футбол мектебінде өнер көрсету оған оңайға соқпайды. Алайда Мансұрдың өзі күтпеген жағдайлар орын алды. Жаңа белестерді бағындыру үшін Мансұр қандай амал қолданды?
Super – Мен. Әдептілік - әдемілік: Балаларға арналған әңгімелер./ Тютебаева Сауле, Г. Мұхтарбек.- Алматы: Астана-кітап, 2021.- 40 б.
Баланың білуі керек қандай әдептілік қағидалары бар? Мансұр мен қарындасы Айдана оларды қалай үйренді? Әдепті әрі әдемі болудың жолдарын осы бөлімнен біле аласыздар.
Құпия бақ: Романның бейімделген нұсқасы. – Алматы: Астана-кітап, 2021.- 38 б.
Мәри Леннокс кішкене кезінен ата-анасынан жылылық пен мейірім көрмей өседі. Сол себептен мінезі ауыр, суық, дөрекі, бұйыра сөйлейтін өркөкірек қыз еді. Бірақ Үндістанға келген індеттен сұлу анасы көз жұмып, жалғыз қалған Мәри Лондонға көшуге мәжбүр болады. Тағдыр кішкене қызды үлкен иелікте жалғыз қалдырғандай болса да, бұл жердің сиқыры Мәриге ерекше әсер етті. Зәулім үйдің түпкір бөлмесінен тапқан бауыры мен табиғаттың тілін жақсы түсінетін жаңа досы Мәриді өмірді қайта жақсы көруге, жақсылық жасау мен мейірімді болуға үйретеді. Құпия бақтың ішінде үш дос өздері үшін түрлі сиқырдың сырын ашады.
Жыл мезгілдері: Кітап./ Уиллиам Б.Райс.- Алматы: Астана-кітап, 2022.- 24 б.
Жыл мезгілдері үнемі ауысады. Сол себептен ауа райы жазда ыстық, қыста суық. Осылайша, жыл бойы маусым ауысып, табиғат ұдайы өзгеріп отырады.
DOSTAR-2. Димаш: Балаларға арналған әңгімелер./Мұхтарбекқызы Гүлдана, Тілдабаева Нұрсәуле : - Алматы: Астана-кітап, 2021.-56 б.
Димаш пен оның достары жазғы демалыстарын қызықты өткізді. Димаш – ауылда ата-әжесінің қолында өскен бала. Атасы Димаштың туған күніне орай тай сыйлайды. Димаш өзіне адал дос таптым дегенде, қалаға көшуге мәжбүр болады. Енді Димаш Айжұлдыздан жырақтап қалмақ...
Доротидің Замартас еліне саяхаты: Ертегі.- Алматы: Астана-кітап, 2021.- 28 б.
Дороти Канзас қаласында тұрады. Бір күні қатты дауыл соғып, оның үйін белгісіз жаққа ұшырып алып кетеді. Сиқыршылар еліне тап болған Дороти үйіне қайтатын жолды іздейді. Жолда сабан Қарақшы, темір Отыншы және Арыстанмен достасады. Олар Замартас елін бетке алады. Сиқыршылар еліндегі достардың басынан кешкен оқиғасы оқырманды ойландырады. Замартас еліндегі оқиғалар мейірімділік, батылдық пен адалдық жайында болмақ.
Домалақ ана: Аңыз әңгіме./ Мұхтарбекқызы Гүлдана.- Алматы: Астана-кітап, - 2021.-32 б.
Тұран даласының ерке аруы Нүрилә Бәйдібек батырға тұрмысқа шығады. Ақылына көркі сай анамыз елдің құрметіне бөленіп, Домалақ ана атанады. Үш бірдей ру Дулат, Албан, Суанның анасы болған Домалақ ананың халық ішінде сақталған аңыздарын бала тіліне сай өңдеп, көркем суретпен көмкердік. Домалақ анадай тұлғаның өмірі жас ұрпақты тарихты танып, елге құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Бопай ханым: Тарихи әңгіме./Тілдабаева Нұрсәуле.- Алматы: Астана-кітап, 2021.- 34 б.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы тарих сахнасынан жойылып кетуге сәл-ақ қалды. Сол кезде Кіші жүздің ханы Әбілқайыр қазақ халқының тағдырын түбегейлі өзгерткен шешім қабылдады. Қиын заманда оның жанынан жан жары Бопай табылды. Ол тек әйелдік міндетін атқарып қоймай, ел билігіне де араласты. Сонау қилы заманда елі мен жері үшін күрескен Бопай ханым жайлы не білеміз? Оны ұлт алдындағы жауапкершілігі қиын таңдаулар жасауға мәжбүр етті. Жасалған таңдаулардың салдары қалай болды екен? Бізбен бірге тарихтың тұңғиығына сүңгі.
«Көңілді көліктер» топтамасы түрлі көліктер туралы қызықты әңгімелерді кішкентай оқырмандарымызға жеңіл тілмен баяндап береді. Егер сен көңіл көтеріп, автокөліктер жайлы мәліметтерге қанық болғың келсе, кітаптағы қысқа әрі көңілді әңгімелерді оқы.
Осы кітаптар әр отбасының кітап сөресінен орын алар деп үміттенеміз
Байғабылова, Қ. Алуан-алуан көлік бар / Қ. Байғабылова. – Алматы: «Аруна», – 2014. – 31 б.
Ең кішкентайлар үшін біз осы тамаша кітапты ұсынамыз. Бүлдіршіндерге арналған көліктердің түрлерін және көліктің атын есте сақтауға, санауға,түстерді ажыратуға және пішіндерді айыруға арналған тапсырмалары бар жинақ.Ұл балаларға дайындалған, себебі бұл кітапта иллюстрациялық машиналар бар.
Триндад, К. Жақсыдан – үйрен, Жаманнан – жирен / К. Триндад. – Алматы: «Аруна», – 2012. – 161 б.
Ұсынылып отырған «Жақсыдан – үйрен, Жаманнан - жирен» атты кітап осы мәселелер туралы сөз етеді. Адамдардың жағымсыз қасиеттері қызықты оқиғаларға мысал келтіріле отырып сипатталады.
Әрбір оқиғаның соңында психолог ата-анаға салиқалы кеңестер беріп, кітаптың маңызын арттыра түседі.
Қалиұлы, С. Әй әй әліппе / С. Қалиұлы. – Алматы: «Аруна», – 2016. – 19 б.
Мектепке дейінгі балаларға арналған қазақ тілін үйрету мақсатында қазақ әліпбиі берілген әр әріп өлеңмен өрілеген иллюстциялы кітап.
Әрбір әріп боялған, түсті қабылдауын, жақсартады. Ал көңілді тақпақтарды, бала оңай есте сақтап, жады жақсартады.
Тұрлыбекова, Ж.А. Менің алғашқы 500 сөзім / Ж.А. Тұрлыбекова. – Астана: Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, - 2017. – 124 б.
Тіл үйрету құралында балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында жекелеген атаулар мен ұғымдар үш тілде, яғни қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің үш тілді тез, әрі оңай меңгеруі үшін жеке сөздер мен сөз тіркестері суреттер арқылы берілген.
Тіл үйрету құралы балабақшадағы әдіскерлер мен бүлдіршіндерге, қазақ тілін үйрететін мұғалімдерге, өз бетімен үйренушілерге арналған.
Балаларға тарту /Құраст.: Т. Шонанұлы; М. Жолдыбайұлы. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, - 2017. - 112 б.
Бұл мектепке дейінгі және мектеп табалдырығын алғаш аттаған қазақ балаларының ана тілінде білім алуына мүмкіндік беретін алғашқы оқулық. Мұнда балалардың жасы мен қабылдау деңгейі ескеріліп, соған сәйкес мәтіндер енгізілген, мазмұны бай. Онда ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ұлттық ойындар, күлдіргілер, әзілдер, денсаулық, тазалық сақтау тәрбиесі, отыру, кітап оқу, жүріп-тұру тәртібі, табиғаттану сияқты әр-алуан тақырыптар молынан қамтылған.
Алдар көсе хикаялары. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2016. – 72 б. – Сер.: «Қазақ ертегілерінің антологиясы».
Алдар Көсе халық ауыз әдебиетінде елге қайырымды, халықты қанаушыларды жек көретін, әділетсіздікке қарсы күресіп, қорғансыздарға көмектесетін, әзілқой адам ретінде суреттеледі. алдар Көсенің бейнесі халық арасында әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші ретінде қалыптасқан. Бұл кітапта Алдар Көсе туралы желілік әңгімелердің біразы енгізіліп отыр. Халықтың әрдайым уытты күлкіні жуандарға қарсы жұмсайтын өткір құрал еткені анық көрінетін бұл туындылар ауыз әдебиетін сүйіп оқитын жалпы жұртшылықтың көңілінен шығары сөзсіз.
Омарұлы Қ. Бала-балапандар: Хикаяттар, әңгімелер / Құраст. Б.Қошым-Ноғай. – Алматы: Раритет, 2011. – 176 б.
Жазушының бұл кітабына «Бала-балапандар», «Альфа-Ақтөс» деген таңдамалы хикаяттары мен әңгімелері енді. Екі хикаят та кезінде балалар мен жастарға арналған республикалық бас жүлделерді алған. «Ақтөс» жинағы халықаралық «Алаш» сыйлығына ие болған. Қаржаубай Омарұлының шығармалары құстар тіршілігіне, хайуанаттар өміріне арналған танымдық, тәрбиелік мәні зор.
...болыпты (орыс халық ертегілері) – Алматы: «Аруна» баспасы, 72 б. – Сер.: «Әлем ертегілер».
«Аруна» баспасы «Әлем ертегілер» деген атпен танымал топтаманың өңделе отырып аударылған орыс халық ертегілерінің жинағын ұсынады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жеңіл тілмен жазылған «...болыпты» жинағы балалардың сөздік қорын кеңейтеді; танымдық қабілетін, ой-өрісін дамытады; ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білуге көмектеседі.
Өтетілеуов Е. Ең күшті адам /Е.Өтетілеуов.-Алматы: «Раритет» баспасы, 2008.-224 б.
Күлше қыз. Ертегі. – Астана: «Фолиант», 2015. – 32 б.
Анасы қайтыс болып, әкесі екі қызы бар өгей шешесін үйге әкелгелі Күлше қыздың көрген күні қиыншылыққа толы болды. күлше қыз қанша қиындық көрсе де, мейірімді, еңбекқор болып өсті. Байғұс қыздың өміріне жақсылық нұрын сепкен - оның кіндік анасы Фея еді. Ол сиқырдың күшімен қызды теңдессіз сұлу көйлекпен, арғымақтарға жегілген алтын пәуескемен биге жібереді. Күлше қыз уақыт түн ортасы болғанда қайтып оралуға тиіс еді. Асығып жүргенде оның хрусталь туфлиі король сарайының алдында қалып қояды. Ол шынымен де нағыз бақытқа лайық еді.
Бұл ертегінің тәрбиелік мәні кез келген адам алдынан кездескен қиындықтарға шыдап, мойымаса, ақыры бір жақсылыққа кез болады.
Он екі биші ханшайым. Ертегі. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2014. – 32 б.
Кенепте көркем суреттермен тамаша безендірілген бұл кітапта түні бойы тыным таппай жасырын би билеген он екі ханшайым және олардың құпиясының қалай ашылғаны туралы әңгімеленеді. «Он екі биші ханшайым» ертегісінің мәтіні Ағайымды Гримдер шығармалар жинағынан алынған.
Әйбат ертегілер (орыс халық ертегілері).-Алматы «Аруна» баспасы.- 68 бет.- «Әлем ертегілері» топтамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жеңіл тілмен жазылған бұл кітап – топтамаға енген орыс халық ертегілерінің алғашқы жинағы.
Сәдуақас, С. Ақ лақ: балаларға арналған өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер, баллада, мысал, поэма, дастандар / С. Сәдуақас ; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті. - Алматы : Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы "Атажұрт", 2012. - 175 с. : ил. - (Қауымдастық кітапханасы).
С.Сәдуақастың балаларға арналған жаңа жыр жинағы тақырып биігінен көріне білген шығармалар қатарына жатады. Өз оқырмандарының жас ерекшеліктеріне сәйкес ұғынықты тілмен жазылған С.Сәдуақас өлеңдерінде нақтылылқ әрі жылылық бар. Не айтса да ойын ашық жеткізетін автордың «Ақ лақ» жыр жинағын танымал ақынның еліміз болашағына лайықты тартуы деп қабылдауға болады.
Әскери әліпби.- Алматы: Аруна, 2013.- 48 б.-(Әріптер мен әдістер)
Бұл кітапта әскери дайындық, әскери атауларды біліп уйрене алатын балаларға арналған көмекші құрал.
Жас ұлан, Болашақ жауынгер!
Ақтауға сенімін қауым ел,
Әлден-ақ даяр бол! Біліп,түй
Әлемін «Әскери әліпби»
Ашатын сырларын, қызығын,
Онда бар танымдық жүз ұғым.
Қайым Қ. Төрт түлік. Балаларға арналған танымдық кітап.- Алматы: «Білім».-2011.- 88 б.
Төрт түлік- қазақтың Шығысы мен Батысы, Түстігі мен Теріскейі сықылды онсыз іс қылып, күнін көре алмайтын, сан ғасырдан бергі өмірлік талшығына да, қуаныш-қайғысына да өзек болған қимасы, қала берді аңыз-әңгімесі мен ән-жырына арқау еткен бағалысы. Тағдыр бұл күнде әсте-әсте қаланы төңіректеп кеткен қазақ туған ауылынан ғана алыстай қоймай ұлттық рухы мен қазақы қалпынан да қашықтап бара жатқанын көп есіне ала бермейді. Әсіресе, қалада дүниеге келген жас өскін жаңа ұрпақ басқасын былай қойғанда киелі төрт түлігіңіздің төңірегінен де жүрмей, қазақ тұрмысына жатырқай қарап бара жатқандай әсер қалдырады.
Ұсынылып отырған кітап балаларымыздың бабалар мекені – ауылға деген ілтипат-мейірімін оятып, төрт түліктің қадыр-қасиетін түсінуге итермелейтін еңбек бола ма деп үміттенеміз. Кітап баласына қазақы тәрбие беруге ынталы ата-анаға, бастауыш мектеп мұғалімдері мен бүлдіршіндерге арналған.
Алдар көсе хикаялары.- Алматы: «Балалар әдебиеті», 2013.- 160 б.
Алдар Көсе қазақтың нанымында халықтық қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қарекеті,бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдарды тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне бөленген. Жинақта Алдар туралы көптеген әнгімелер беріліп, суреттермен безендірілген. Оқуға тілі жеңіл, оқиғасы қызықты, жас оқырман көңілінен шығады деген сенімдеміз.
Қожанасыр хикаялары.-Алматы: «Балалар әдебиеті», 2013.-160 б.
Бұл жинақта елге әйгілі Қожанасыр туралы әңгімеленеді. КЕйіпкерлердің әрекеттерінде ойлы астар бар. Жұртты күлдіре отырып, ойға жетелейді. Әр әзілі юморға толы, танымды, күлкілі істері оқырман қауымды бейжай қалдырмайды. Тілі тартымды, оқиғасы қызық бұл кітап жас оқырман ойынан шығатынына сенімдіміз. Жинақтың безендірілуі де өте тартымды.
Ақылды ертегілер хрестоматиясы.-Алматы: «Аруна»баспасы, 2010.308 б.
Ақылды ертегілер хрестоматиясы –көркем суретті ертегілер жинағы. Балалардың ой-өрісін дамытып, танымын кеңейтетін тапсырмалары бар бұл хрестоматия қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр.
Түлембаева, А. Дамока және оның достары /А.Түлембаева.-Алматы, 2010. 160 б.
«Дамока және оның достары» ертегісі қанатты қар ілбісі дамоканың бастан кешкен сиқырлы оқиғалары туралы баяндайды.
Disney алтын классикасы
Таңқаларлық мультфильмдерде романтика мен ерлік, әзіл мен жан жылуы, қуаныш пен қайғы бірігіп қосылады. “Disney алтын классикасы” атты серияө көптеген әсерлі суреттері бар өте жақсы безендірілген кітаптар. Өзінің сүйікті кейіпкерлерімен кездесе отырып, кішкентай оқырман сиқыр әлеміне шоманды, таңғалдырар құпияларды ашып, тартымды оқиғаларға қатысады.
Жануарлар әлемі
Мектеп оқушыларына, студенттерге, мұғалімдерге, ата-аналарға және көпшілік оқырмандарға арналған.
Жұмбақ
Түрлі түсті суреттермен безендірілген. Бастауыш мектеп оқушыларына арналған.
Оразбекұлы, К. Наурыз көже / К. Оразбекұлы.-Алматы: «Аруна» баспасы. 2007. 12 б.
“Анаммен оқып, әңгімелеймін” топтамасының әрбір кітабы үш ертегі не үш әңгімеден тұрады. Олармен танысқан бала мәтіннің соңанда берілген суреттерге қарап, дұрыс әңгімелеуге үйренеді. Мұндай тапсырмалар біртіндеп күрделене түседі. Соңғы тапсырмада оқиға желісінің бір көрінісі қалып қойған. Осы суретті салу үшін бос орын қалдырылған.
Бұл тапсырма қиындық туғызған жағдайда бала оқиғаны ауызша айтып, жалпы мазмұнына байланысты кез келген сурет салуына болады.
Оқушы анықтамалығы. 1-4: Қазақ тілі, Руский язык, Матеамтика, Дүниетану: Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2009. 640 б.
Сіздің балаңыз егер әлі бастауыш мектепте оқитын болса немесе ертең бесінші сынып оқушысы болуға дайындалса, онда ол математикадан, орыс тілінен және дүниетанудан білу керек нәрсенің бәрін осы кітаптан табады. Бұл кітап теориялық материалдарды меңгеруге көмектесіп қана қоймай, есептер, мысалдар және теңдеулер шығаруды, орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолдануды, ауызша жауап құруды үйретеді. «Дүниетану» бөліміне ӨҚН элементтері енгізілген.